Соның салдарынан қатты жарақат алған ол ауруханаға барып, басын тіктіруге мәжбүр болған.
UFC-де өнер көрсетіп жүрген грузиялық аралас жекпе-жек шебері Мераб Двалишвили мұз ойығына секіремін деп басын жарып алған, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазыпты.
Таңертең жүгіруге шыққан Двалишвили суға түскісі келіп, мұз ойығына секірген. Алайда судың қатып қалғанын байқамапты. Соның салдарынан қатты жарақат алған ол ауруханаға барып, басын тіктіруге мәжбүр болған.
"Бүгін саябақта жаттығу және жүгіру үшін қолайлы күн деп ойладым. Жолай ойықты көріп қалдым, ойық ішіндегіні су деп ойласам, мұз бен бұтақтар екен. Ойыққа секіргенімде, басыма зақым келгенін сездім. Басымды тіккен уақытта тіптен қатты ауырды. Қазіргі уақытта жағдайым бірқалыпты, өзімді жақсы сезінемін", - дейді танымал спортшы.