Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Ақсу округының Уши уезінде 7,1 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
ҚХР Сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала өлкенің орталығы – Үрімжіде, оған жақын маңдағы аудандарда өте күшті сезілген. Соның кесірінен 47 үй қирап, 78 адам зардап шекті. Жараланған адамдар да бар.
Жер сілкінісі 23 қаңтарда сағат 02:09-да болған. Ошақтық тереңдігі – 22 шақырым.
Зілзала Ақсу, Атуш, Қотан, Қашқар, Іле, Қорла, Қарамай мен басқа жерлерде қатты сезілді.
7,1 балдық жер сілкінісінен кейін тағы дүмпулер болды. Қытайдың сейсмологиялық орталықтың дерегіне сүйенсек, магнитудасы 5,3 көп зілзала тіркелген. Таңғы сағат 8.00 шамасында магнитудасы 3,0 немесе одан да көп 40 афтер сілкінісі болған.
Жер сілкінісі Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның аумағында да байқалған.