"Жасандылық болмайды": Мақтау қағазын алған оқушының әрекеті көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Бұл көрініске таңданған көпшілік балақайға ақ тілектері мен мақтауларын жаудыруда. Олар бастауыш сынып оқушысының мақтау қағазын емес, "Оскар" жүлдесін алып жатқандай қуанғанына таңданыс білдірген.

Қытайда мақтау қағазын алғанға ерекше толқып, көзіне жас алған оқушы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлады paryz.kz, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайт Қытайдың Сычуань провинциясында болған. Бастауыш сынып оқушыларына мақтау қағаздары ұсынылып жатқан сәтте оқушылардың бірі көпшіліктің назарын өзіне аударады. Балақай марапатқа ие болатынын күтпеген. Ол өзінің мақтау қағазына лайық болғанына ерекше толқығаны соншалық, көзіне жас үйіріп, үлкен шаттыққа бөленеді. Бұл көрініске таңданған көпшілік балақайға ақ тілектері мен мақтауларын жаудыруда. Олар бастауыш сынып оқушысының мақтау қағазын емес, "Оскар" жүлдесін алып жатқандай қуанғанына таңданыс білдірген.

Оқушының толқыған сәтінен видеоны People's Daily, China атты YouTube парақшасы жария етті.

"Кішкентай жүрегінен айналдым", "Балалардың қуануында жасандылық болмайды" деп жазған пікір қалдырушылар.