Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Кеше Ресейде Навальныйды қолдаған 300 мың адам көшеге шықты

Навальный Live эфирінің мамандары Санкт-Петербургте шыққан адамдардың саны өткен жұмадағыдан әлдеқайда көп екенін, ол кезде көшеге 20-30 мың адам шыққанын мәлімдеді.

Кеше Ресейде Навальныйды қолдаған 300 мың адам көшеге шықты
фото: дереккөз

Ресейде 31 қаңтар күні өткен наразылық шарасына 140 қаладан 300 мыңға жуық адам шықты. Бұл - 23 қаңтар күні өткен бірінші толқыннан да көп, деп хабарлады paryz.kz, Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Санкт-Петербург қаласында түскі уақыттың өзінде 15-20 мың адам алаңға жиналған. Алексей Навальный штабы түсірген видеолардан алаңда ине шаншар жер жоғын, адамдардың ТЮЗ ғимаратының баспалдағына дейін шығып кеткенін көруге болады. Ал Навальный Live эфирінің мамандары Санкт-Петербургте шыққан адамдардың саны өткен жұмадағыдан әлдеқайда көп екенін, ол кезде көшеге 20-30 мың адам шыққанын мәлімдеді.

Мәскеуде қанша адам шыққанын есептеу қиындау. Өйткені ОМОН қызметкерлері орталық көшелердің барлығын бітеп, жиналған жұртты ығыстырумен болды. Ал ОМ тілшісінің айтуынша, үш вокзалдың айналасына ғана жиналған жұрттың өзі 15 мың адамға жуықтаған.

Қалалық Дума депутаты Константин Киселевтің айтуынша, Екатеринбургте 12-13 мың адам бас көтерген. Ал Новосібір қаласында 6 мың адам шыққанмен, Навальный штабы оны 10 мың адам деп көрсеткен.

Сондай-ақ, Краснодар мен Челябі қалаларында 5-6 мыңнан, Архангельск, Вологда, Ижевск, Иркутск, Төменгі Новгород, Омбы, Пермь, Ростов-на-Дону, Саратов, Томбы, Түмен, Уфа және Ярославл қалаларында мыңнан астам адам көшеге шыққан.