Бұл құрылғы 300 келіге дейін көтере алады. Бір рет зарядтаған соң 100 шақырым ұшады...
Ресейде ұшатын такси прототипі көрсетілді. Электр құрылғы 150 метр биіктікке көтеріліп, жылдамдығын сағатына 200 шақырымға дейін жеткізе алады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Бұл құрылғы 300 келіге дейін көтере алады. Бір рет зарядтаған соң 100 шақырым ұшады. Жолаушы қауіпсіздігі үшін қорғаныс капсуласы, баллистикалық парашют пен жабық электр қозғалтқыштар қарастырылған.
Құрастырушылар дрон-такси кәдімгі көлікке қарағанда экологиялық екенін алға тартып отыр. Өйткені бензин қажет емес. Ауада кептеліс жоқ, демек жолақысы да арзан. Толығырақ видеода.