Ресейде актер Сергей Базанов қамауға алынды. Ол «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалында эпизодтық рөлде ойнаған. Бұл туралы NUR.KZ жазды.
Мәскеу соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Замоскворецкий аудандық соты 2011 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысына күдікті Сергей Базановқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.
Сотта актерге РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің «ж» және «з» тармақтары бойынша («Адамдар тобы немесе ұйымдасқан қылмыстық топ қаскөйлік ниетпен жасаған кісі өлтіру») айып тағылған. Енді ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сот бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 20 ақпанына дейін 2 ай қамауда ұстау түрінде белгіледі, - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Тергеу мәліметтері бойынша, Сергей Базанов Мәскеуде қарақшылық шабуылдар жасау үшін құрылған қылмыстық топтың құрамында болған.