19.12.2023, 12:15

Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алу жеңілдеді

Фото: gov.kz

РФ президенті Владимир Путин Қазақстан, Беларусь пен Молдава азаматтары үшін Ресей азаматтығын жеңіл түрде алуға мүмкіндік беретін Жарлыққа қол қойды.

Кремльдің мәліметінше, құжат қажет талаптарды сақтамай-ақ осы 3 мемлекеттің кәмелетке толған азаматтарына Ресей азаматтығын алуға мүмкіндік береді:

Тұруға ықтиярхат берілген күннен бастап Ресейде тұрақты тұруға; Ресей тарихы мен мемлекеттің заңнама негізін білуге.

Бірақ РФ азаматтығын алғысы келген адам орыс тілін білетінін дәлелдеуі қажет.

Құжат 18 желтоқсаннан бастап күшіне енді.