Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Израиль өз азаматтарына Орталық Азия елдеріне сапар жасаудан бас тартуға кеңес берді

Израиль өз азаматтарына ерекше қажеттілік болмаса сапарға шығуға болмайтын елдердің тізімін жариялады. Бұл тізімге Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан да кірді. Kazinform агенттігі бұл туралы The Times of Israel-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль өз азаматтарына Орталық Азия елдеріне сапар жасаудан бас тартуға кеңес берді
фото: aa.com.tr

Тізімге сондай-ақ Африканың кей мемлекеттері, Өзбекстан, Түрікменстан және т.б. кірді.

Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдемесінде ХАМАС бүкіл әлем бойынша израильдіктерге шабуыл жасауы мүмкін болғандықтан, өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін қорқатынын және сондықтан олардан бірқатар елге қажетсіз сапарларды кейінге қалдыруды сұрайтынын айтты.

Ұйым сонымен қатар барлық елдерге 1-ден 4 деңгейге дейінгі шкала тағайындаған кесте жариялады.

Үшінші деңгейде Орталық Азия елдері, Оңтүстік Африка республикасы және Эритрея елдері белгіленген. Ресей мен Аустралия екінші санатқа жатқызылды.