Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Байден Трамптың саясатын қайталаса, Қытай АҚШ-пен соғысуға дайын екен

Си Цзиньпин Қытайдағы ұйғырлар мен Гонконгта болған оқиғаға байланысты Майк Помпеоның "геноцид жасады" деген айыптауын да қабылдамайды...

Байден Трамптың саясатын қайталаса, Қытай АҚШ-пен соғысуға дайын екен
фото: qamshy.kz

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин әлемдік экономикалық форумда Байден Трамптың Қытайға қатысты саясатын жалғастыратын болса, соғыс басталатынын ескертті, деп хабарлады qamshy.kz.

Си Цзиньпин коронавирус салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығу жолын ұсыну арқылы пандемияның бөліну мен оқшаулану үшін қолданылмауы қажет екенін айтты.

Қытай басшысы Джо Байденнің есімін атап, АҚШ-ты ауызға алмаса да Қытайдың Вашингтонның ырқына көнбейтінін тікелей жеткізді.

"Соғыс ашу, бас тарту, біреуге қоқан-лоққы көрсету, қорқыту, санкция салу мен тауар жеткізуді тоқтату әлем дағдарысына әкеліп соғады. Ешбір ел өз бетінше әлемдік деңгейдегі мәселені шеше алмайды. Мәселені шешу үшін бөлінбеуіміз қажет", - деді Си Цзиньпин.

Сондай-ақ ол Қытайдағы ұйғырлар мен Гонконгта болған оқиғаға байланысты Дональд Трамптың хатшысы Майк Помпеоның "геноцид жасады" деген айыптауын да қабылдамайтынын айтты.

"Әлемде мәдениеті, тарихы, әлеуметтік жүйесі бірдей ел жоқ. Әр мемлекеттің ерекшелігі бар. Ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Елдердің әртүрлі болуы дабыл қағуға себеп емес. Жеккөрушілік сезімі, тәкаппарлық, өз мәдениетін, тарихын, әлеуметтік жүйесін таңу дабыл қағуға тұрады", - деп сөзін қорытындылады Си Цзиньпин.