Қытайдың солтүстігінде балалар арасында респираторлық вирус тарап жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
"Би-Би-Си"-дің мәліметінше, елдің кейбір аудандарындағы ауруханалар науқас бүлдіршіндерге лық толған. Емдеу мекемелерінде оттегі маскаларын таққан кішкентайларды көруге болады.
Қытайда вирустың өршуіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдап, ел билігінен өткен аптада бұл ауруға қатысты ақпарат беруді сұраған.
Бейжің жауап бермейінше, инфекцияның тарау себебін анықтау мүмкін емес.
Қытай билігі болса, тұмаудың өршуін ковидке қарсы шаралардың доғарылуымен байланыстырып отыр.