Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

10-ақ байдың ақшасы әлем халқын кедейліктен сақтап, вакцина салдыруға жетеді

Ең бай адамдардың ондығына дәстүрлі түрде Илон Маск, Джефф Безос, Марк Цукерберг кіреді...

10-ақ байдың ақшасы әлем халқын кедейліктен сақтап, вакцина салдыруға жетеді
фото: Reuters/Pixstream

Коронавирустық пандемия кезінде ең бай 10 адамның жалпы байлығы 540 миллиард долларға өсті. Бұл сома әлемдегі барлық адамды кедейліктен сақтап қала алады екен. Одан бөлек, бүкіл әлем халқына вакцина салдыруға жетеді, деп хабарлады paryz.kz, BBC-ге сілтеме жасап.

Миллиардерлердің байлығы 2020 жылдың 18 наурызынан 31 желтоқсанына дейін 3,9 трлн долларға өсті. Қазір 11,95 трлн доллар. Бұл сома - барлық G20 елдерінің пандемиямен күресуге жұмсайтын шығындарына тең.

Ең бай адамдардың ондығына дәстүрлі түрде Илон Маск, Джефф Безос, Марк Цукерберг кіреді. Өткен айда Джефф Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Скоттың 4 ай бойы азық-түлік банктері мен төтенше көмек қорларына 4 миллиард доллардан астам қаражат бөлгені белгілі болды.

2020 жылдың сәуірінде Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорси пандемиямен күресу қорына 1 миллиард доллар аударды. Бұл оның меншікті капиталының 4/1 бөлігін құрайды.

Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда қайырымдылық қоры арқылы вакцинацияға, емделуге және диагноз қоюға 305 миллион доллар бөлді. Гарри Поттер кітабының авторы Джоан Роулинг пандемия кезінде үйсіз адамдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмектесу үшін 1 миллион фунт стерлинг берді.