Қолданушылар Signal және Telegram мессенджеріне көшіп жатыр...
Соңғы 3 аптада WhatsApp 30 миллионнан астам абоненттен айырылды, деп хабарлады sputnik.kz, The Guardian-ға сілтеме жасап.
Қолданушылар Signal және Telegram мессенджеріне көшіп жатыр. Қаңтар басталғалы Signal-ды қолданушылар саны 7,5 миллионға, ал Telegram жүктегендер 25 миллионға артқан.
Қазақстанда Telegram қолданушылары көп деуге болады, алайда Signal танымал емес. ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері, әлемге танылған Эдвард Сноуден күнде Signal қолданатынын айтқан болатын. Белгілі бизнесмен Илон Маск та соны жүктеп алуға шақырды.
Еске сала кетсек, WhatsApp 8 қаңтарда жаңа қолданушы келісімін жариялады. Оған сәйкес, қосымшаның жаңа нұсқасында Facebook-пен ақпарат бөлісуі керек болады. Мұндай жаңашылдық жұрттың көңілінен шықпады. Сондықтан WhatsApp жаңа келісімді енгізу мерзімін мамырға шегерді.