Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Мейрамхана астынан оннан астам адамның сүйегі табылды

Мәскеудің батысындағы 1-Сетунский өткелі маңында жүргізілген жерасты жұмыстары кезінде 10-нан астам адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Мейрамхана астынан оннан астам адамның сүйегі табылды
Фото: Мәскеу прокуратурасы / T.me

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы жедел қызмет өкілдері хабарлады.

«Бұрнағы күні 1-Сетунский өткелінде қазу жұмыстары мен жерасты инфрақұрылымын бұзу кезінде бұрын мейрамхана орналасқан жерден 10-нан астам адамның сүйегі табылды», - делінген хабарламада.

Қала прокуратурасының мәліметінше, қаңқа бөлшектері 3,5 метр тереңдікте жатқан.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, сүйектердің жатқанына шамамен 20-30 жыл болған», - дейді прокуратура өкілдері.

Ал Baza мәліметінше, тергеушілер 10 бас сүйек, 17 омыртқа, 30 қабырға, ондаған басқа да сүйек бөлшегі мен екі жақ сүйегін тапқан. Олар біртұтас қабатта, құрылысшылар бұзып жатқан құдықтың деңгейінде жатқан.

Табылған қаңқаларға сот-медициналық сараптама жүргізіледі.