Ол өзінің әрекетін сол күннің өте ауыр болғанымен және көзіне газ шашылғанын айтып түсіндірді...
23 қаңтарда оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау мақсатындағы наразылық акциясы Петербор қаласында да өтті. Сол сәтте ОМОН қызметкерлері бір жігітті ұстап әкетіп бара жатқан кезде олардың алдынан 54 жастағы әйел шығады. Ал жасақ сарбазының оны іштен бір теуіп, шалқасынан түсіргені видеоға түсіп қалған, деп жазды paryz.kz.
Маргарита Юдина есімді әйел омондықтардан "Оны қайда әкетіп бара жатсыңдар?" - деп сұраған. Оған "жауап" ретінде ОМОНның сол аяғын сілтеп қалуы салдарынан ауыр халдегі Юдина реанимациядан бір-ақ шыққан.
Кейін оны тепкен ОМОН ауруханаға іздеп келіп, кешірім сұрады. Ол Маргарита Юдинаға гүл сыйлап, ақталуға тырысқан. Өзінің әрекетін сол күннің өте ауыр болғанымен және көзіне газ шашылғанын айтып түсіндірді.
Қазір ауруханадан шыққан 54 жастағы Маргарита Юдина ОМОНды кешіргенін айтты. Алайда аузынан бұрын аяғы қимылдаған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.