Тікұшақтың қатысуымен өткен той кортежінің жүргізушілері жазаланды

Ташкент облысында тойда топ-топ болып көлік жүргізген Captiva жүргізушілеріне шара қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ташкент облысы IIББ ЖҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікұшақтың қатысуымен өткен той кортежінің жүргізушілері жазаланды
Фото: видеодан скриншот

Бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше Captiva жүргізушісі тойда топ-топ болып көлік жүргізіп, қалыңдық пен күйеу жігіттің тікұшақпен ұшып бара жатқаны бейнеленген видео тараған болатын.

Ташкент облысы ІІББ ЖҚҚБ мәліметінше, бұл оқиға Ташкент облысында болған.

Мән-жайды Ташкент облысы ІІББ жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері зерттеді. Той кезінде жол ережесін бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіріп, топ-топ болып қозғалған барлық көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды.