24.01.2021, 21:25

Нурмагомедов Макгрегордың бүгінгі жеңілісі туралы пікір білдірді

фото: championat.com

Осымен 5 рет жеңіліс тапқан Макгрегор өз карьерасында алғаш рет нокаутпен ұтылып тұр.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегордың американдық Дастин Порьеден жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, lenta.ru-ға сілтеме жасап.

32 жастағы Хабиб Нурмагомедов Twitter-дегі парақшасында Абу-Дабидегі абсолютті күрес чемпионаты (UFC) турнирінің басты жекпе-жегі аяқталғаннан кейін былай деп жазды:

"Міне, сені чемпион етіп тәрбиелеген топтан кетіп, спаринг-серіктестеріңнен алшақтағанда, осындай болады".

Айта кетейік, Макгрегор UFC 257 турнирінде Порьеден накаутпен жеңіліп қалды. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Осымен 5 рет жеңіліс тапқан Макгрегор өз карьерасында алғаш рет нокаутпен ұтылып тұр. Бұның алдында ол жеңіл салмақтағы UFC чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте Нурмагомедовтен жеңіліп қалған еді.

Сонымен, екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атанған ирландиялықтың еншісінде қазір 22 жеңіс пен 5 жеңіліс бар.