Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Газада жүкті әйелдер қираған үйінділер арасында босануға мәжбүр

Газадағы әйелдер өте нашар санитарлық жағдайда босануға мәжбүр. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) бірлескен мәлімдемесінде айтылған

Газада жүкті әйелдер қираған үйінділер арасында босануға мәжбүр
фото: b

Дүниежүзілік ұйымның хабарлауынша, Израиль армиясының (IDF) шабулының кесірінен Газадағы жүкті әйелдерге қиранған үйлерде немесе тіпті көшеде қалып отыр.

Қазіргі таңда медициналық мекемелерде жүрудің өзі қауіпті, мәселен 1 қарашада Аль-Хило ауруханасының зымыран түсіп, көптеген адам зардап шекті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша, Газада қазір 50 000 жүкті әйел бар, олардың 180-нің босанатын уақытында. 3 қарашадағы жағдай бойынша Газа секторында 2326 әйел мен 3760 бала қаза тапты, бұл барлық қаза тапқандардың 67 пайызы.