Израильдің Газадағы босқындар лагеріне жасаған шабуылынан 400-ден астам палестиналық қаза тапты және жараланды, деп хабарлайды Paryz.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы Джабалия босқындар лагеріне жасаған әе соққысынан қаза болкандар мен жараланған саны кем дегенде 400-ге жетті. Бұл деректі ХАМАС бақылауындағы Ішкі істер министрлігі келтірген.
Ведомствоның ресми баспасөз хатшысы Ияд әл-Бозом атап өткендей, «Израильдің соғыс ұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия босқындар лагеріндегі тұрғын ауданға әрқайсысында мың тонна жарылғыш заты бар жеті бомба тастаған».
«Израильдің бомбалауы салдарынан тұрғын аудан толығымен жойылды», - деді И.әл-Бозом.
Министрліктің хабарлауынша, таңертең Израиль күштері Газа секторының солтүстігіне кіріп, әл-Тавам аймағы және әл-Карама аумақтанына орналасты.
«Жердегі операцияның бір бөлігі ретінде Израиль армиясы қарқынды әуе шабуылдары кезінде Газа секторының бірнеше аймағына тереңдей еніп, ілгері жылжыды», - деген И.әл-Бозом израильдік күштерді бейбіт тұрғындардың үйлерін нысанаға алды деп айыптады.
Ол Израиль армиясының техникасы Газа қаласы мен анклавтың солтүстік бөлігін оңтүстіктен кесіп тастау үшін әл-Рашид көшесіне қарай жылжып жатқанын айтты.
Израиль қорғаныс күштері мәлімдемесінде Израиль армиясының «Газа секторының тереңінде» Хамасқа қарсы «қатты шайқас» жүргізіп жатқанын атап өтті.