Испания астанасында жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Қанша адамға зақым келгені туралы нақты ақпарат жоқ.

Испания астанасы Мадридте жойқын жарылыс болды, деп хабарлады paryz.kz, tass.ru-ға сілтеме жасап. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Толедо көшесінде болған жарылыстан ғимараттың жоғарғы үш қабаты опырылып құлаған. Полиция оқыс оқиға болған ауданды қоршауға алды.

Алғашқы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, тұрмыстық газ жарылған көрінеді. Қанша адамға зақым келгені туралы нақты ақпарат жоқ.

Кей мәліметтерге қарағанда, жарылыстан 2 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Олардың біреуі ауыр хәлде.