Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шешенстанда жойылған содырлар тобында Қазақстан тумасы да бар

Рамзан Қадыров қаза тапқандардың аты-жөні мен суретін жариялады...

Шешенстанда жойылған содырлар тобында Қазақстан тумасы да бар
фото: Азаттық радиосы

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бютукаев бандасының 6 өкілі жойылғанын мәлімдеді. Арасында топ лидері де бар, деп хабарлады paryz.kz

"Олар екі рет қашып үлгерді. Бұл жолы барарға жер қалмады. Енді біздің өңірдегі террористер тізімінде бірде-бір адам жоқ" деп жазды Қадыров Twitter-ге.

Кейін ол қаза тапқандардың аты-жөні мен суретін жариялады. Олардың біреуі - 1960 жылғы Қазақстан тумасы.

Терриризмге қарсы ұлттық комитет арнайы операция кезінде 5 содыр жойылғанын хабарлады. Олардың басшылары Аслан Бютукаевтың  2011 жылы болған "Домодедово" әуежайындағы терактіге қатысы бар.

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы мен арнайы операцияға қатысушыларды құттықтады. Олардың бәрі марапатқа ұсынылады.