Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ақ үй абайсызда арнайы құпия жасағының суретін жариялап қойған

Ақ үй ХАМАС ұйымы кепілге алған адамдарды босатуға қатысқан арнайы жасақтың құпиясын абайсызда ашып қойған. Каzinfom агенттігі бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақ үй абайсызда арнайы құпия жасағының суретін жариялап қойған
Фото: @kief_point

Байден әкімшілігі бейсенбі күні Израильге ХАМАС содырлары кепілге алған адамдарды табуға және құтқаруға көмектескен АҚШ-тың “Дельта” жасағының бірнеше тұлғасының жеке басын кездейсоқ ашқанын мойындады. 

Ақ үй өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында президент Джо Байден армияның лаңкестікке қарсы элиталы “Дельта” бөлімшесінің мүшесімен қол алысып тұрған суретін жариялады. 

Байден амандасып тұрған сарбаздан басқа фотода “Дельтаның” тағы үш сарбазының жүзі көрініп тұр. 

Шенеуніктер қателіктерін түсінгенше, фотосурет Ақ үйдің аккаунтында бір сағаттай уақыт жарияланып тұрған.

“Оны байқаған бойда, біз фотосуретті бірден алып тастадық”, - деді АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі.

Бейсенбіде әлеуметтік желілерде тараған скриншотқа сәйкес, фото жойылғанға дейін 6100-ден астам лүпіл жинаған.

«Дельта» жауынгерлерінің жеке басы мен аты-жөні жау қолына тұтқынға түскен жағдайда оларды анықтауына жол бермеу үшін құпия сақталады. Жасақ мүшелерінің суреттері сирек кездеседі және олардың беттері ешқашан көрінбейді.

Өткен аптада Байден израильдік әріптестеріне 7 қазанда Израильге жасалған шабуыл кезінде ХАМАС содырлары тұтқынға алған адамдарды босатуға көмектесу үшін Израильге “Дельта” командасын жолдады.