Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Мелания Трамп 70 жылдық дәстүрден аттап кетті

Одан бөлек, Мелания Ақ үйден 47% сапа көрсеткішімен кетпекші. Бұл - алдыңғы ханымдардың көрсеткішінен едәуір төмен.

Мелания Трамп 70 жылдық дәстүрден аттап кетті
фото: EPA-EFE

Мелания Трамп Ақ үйдің 70 жылдық дәстүрін бұзды. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың әйелі болашақ бірінші ханым Джилл Байденді Ақ үйге экскурсияға шақырудан бас тартты, деп хабарлады paryz.kz, bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кету керек, 70 жылдық дәстүр бойынша қызметінен кеткен президенттің әйелі болашақ бірінші ханымды жылы қарсы алуы керек. Осыдан 4 жыл бұрын Мелания Трампты Мишель Обама Ақ үйге шайға шақырып, экскурсия жасаған болатын. 

Жылдар бойғы дәстүрді алғашқы болып Трамптың әйелі бұзды. Одан бөлек, Мелания Ақ үйден 47% сапа көрсеткішімен кетпекші. Бұл - алдыңғы ханымдардың көрсеткішінен едәуір төмен.

АҚШ-та билікті мұндай жолмен табыстау дәстүрі 1952 жылы басталды. Гарри Трумэннің әйелі Бесс Трумэн алғаш рет Мэми Эйзенхауэрді экскурсияға шақырған.

Айта кету керек, Трамптың отбасы да Байден және оның әйелімен таңғы ас ішуден бас тартқан.