ХАМАС шабуылынан қаза тапқан израильдіктер саны 700-ден асты

Палестина-Израиль қақтығысы кезінде қаза тапқандар саны 700-ден асты. Сондай-ақ 100-ден астамды содырлар ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

ХАМАС шабуылынан қаза тапқан израильдіктер саны 700-ден асты
Ronen Zvulun/Reuters

Бұл туралы The Times of Israel басылымы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Haaretz газеті елде зардап шеккен израильдіктер саны 2315 адамға жеткенін жазды. Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде қаза тапқан тұрғындар саны 700 адамнан асқан. Билік құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтты.

Басылым зардап шеккендердің 23-інің жағдайы аса ауыр, 340-ы – ауыр, 449-ы орташа ауыр жағдайда жатқанын жазды.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең Газа секторынан Израильге зымырандық шабуылдар басталып, артынша содырлар тобы еврей мемлекетінің аумағына басып кірген болатын. Израиль армиясы «соғысқа әзірлік жағдайын», көп ұзамай өзінің «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.