Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстан ең аз жалақы ұсынатын елдер қатарында 3-орында тұр

Ең төменгі жалақы 2241 долларды (938 979 теңге) құрайтын Люксембургтегі табыс 56 елдің ішіндегі ең жақсы көрсеткіш деп бағаланған...

Қазақстан ең аз жалақы ұсынатын елдер қатарында 3-орында тұр
фото: ашық дереккөз

Қазақстан ең төменгі жалақы ұсынатын рейтинг бойынша 3-орында тұр, деп хабарлады paryz.kz, Picodi.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеуге Үкімет белгілеген ең төменгі жалақысы бар 56 ел қатысқан. Филиппин, Гонконг сынды кейбір елдерде ең төменгі жалақыға салық салынбайды. Сондықтан зерттеу таза соманы, яғни қызметкердің қолына алатын ақшаны қарастырған.

Рейтингке қарама-қарсы есеп бойынша бірінші орынды Өзбекстан алды. Онда ең төменгі жалақы 57 доллар деңгейінде белгіленді (Қазақстан Ұлттық банкінің бағамы бойынша 23 883 теңге). Екінші орында - Нигерия, 71 доллар (29 749 теңге). Үшінші орында 88 доллармен (36 872 теңге) тұратын Қазақстан тұр.

Ең төменгі жалақы 2241 долларды (938 979 теңге) құрайтын Люксембургтегі табыс 56 елдің ішіндегі ең жақсы көрсеткіш деп бағаланған.