Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әр азаматқа 1,4 мың доллардан берілуі мүмкін

Елдегі барлық салық төлеушілер төлемді ала алады.

Әр азаматқа 1,4 мың доллардан берілуі мүмкін
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден америкалықтардың әрқайсысына 1,4 мың доллар төлеуді ұсынды, деп хабарлады paryz.kz.

Елдегі барлық салық төлеушілер төлемді ала алады. Конгрессте бекітілген 600 долларлық чекпен бірге, салық төлеушілерге тікелей төлемдер желтоқсан-қаңтар айларында бір адамға 2 мың долларға, ал пандемия басталғаннан бері 3200 долларға жетті. Айта кетерлігі, Байденнің бұл ұсынысы да Конгрессте мақұлдануы керек.

Еске сала кетсек, былтырғы қараша айында АҚШ-тағы президенттік сайлауда Демократиялық партиясының атынан шыққан Джо Байден жеңіске жетті. Ал 2021 жылы қаңтарда АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент болып сайлануын мақұлдады.