Өзбекстанда Бұхара облысының Гиждуван ауданында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Spark көлігімен 25 баланы тасыған, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бастауыш мектеп жасына дейінгі балалар тіпті жүксалғышта отырған. Әйел полиция қызметкерлеріне балалардың үйі балабақшаға жақын екенін айтып түсіндірген. Сондай-ақ, ол мұндай көп баланы алғаш рет мінгізгенін айтқан.
Оқиғаны хабарлаған департаменттің баспасөз қызметі өкілдері балалардың ата-аналарын оларды балабақшаға апара алмай отыр деп сөкті.
Балаларға қауіп төндірген тәрбиешіге қандай жаза қолданылғаны туралы мәлімет жоқ.