Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жүкті әйелді өлтірген адам 70 жылда болмаған өлім жазасына кесілді

Ол бүгін жергілікті уақыт бойынша 01.31сағатта көз жұмды.

Жүкті әйелді өлтірген адам 70 жылда болмаған өлім жазасына кесілді
фото: esquire.ru

АҚШ-та соңғы 70 жылда бірінші рет тағайыналған өлім жазасын іске асыру жөнінде шешім шығарылды, деп хабарлады paryz.kz, korrespondent.net-ке сілтеме жасап. 

Лиза Монтгомериге қатысты өлім жазасын іске асыру бірнеше жылдан бері шегеріліп келген. Ол өлім жазасына 2004 жылы жүкті әйелді қатыгездікпен өлтіргені және баласын ұрламақ болғаны үшін кесілген болатын. 

Жаза өткен жылдың 8 желтоқсанда Индиана штатында іске асыруылы тиіс болған. Алайда сот шешімі бойынша ол 12 қаңтарға шегерілді. 11 қаңтарда сот жазаланушының психикалық жағдайына байланысты жазаны тағы шегеру жөнінде шешім шығарды. Бірақ АҚШ-тың жоғарғы соты оны орындау жөнінде нұсқаулыққа қол қойды. 

Жазаны орындау үшін Монтгомериге соңы өлімге әкеліп соғатын инъекция егілді. Ол бүгін жергілікті уақыт бойынша 01.31сағатта көз жұмды.