06.09.2023, 11:19

Өзбекстан бетті тұмшалайтын киім киюге, көп әйел алуға заңмен тыйым салды

Фото: inform. kz

Өзбекстанның Олий Мәжілісі елдің Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады:

- ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;

- заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен қию;

- екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;

- әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;

- азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.

Айта кетейік, медициналық диагнозы бар адамдарға және қызметтік міндетін атқаратын мамандарға бет-бейнені тұмшалайтын киім киюге тыйым салынбайды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, немесе спорттық және өзге де мәдени-бұқаралық шаралар кезінде, заңмен рұқсат етілген өзге де жағдайларда қолданылатын арнайы бас киімдерге тыйым қарастырылмаған