Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Швецияда тағы да Құран өртеу акциясы өтті

Швецияның Мальмё қаласында қасиетті Құранды өртеуге қатысты тағы бір акция өтіп, оның соңы тәртіпсіздікке ұласып кете жаздады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Швецияда тағы да Құран өртеу акциясы өтті
© AFP 2023

Жергілікті SVT телеарнасының хабарлауынша, Құран өртеу акциясын бұған дейін де осындай акция асап аты шыққан Салван Момика ұйымдастырған.

Полицияның мәліметінше, діни кітапты өртемек болған адам да, оған шабуыл жасамақ болғандар да ұсталған.

«37 жастағы Салван Момика жергілікті уақыт бойынша 14:00 шамасында Вернхемсторгет көшесінде Құранды өртеген. Ер адамның әрекетін көруге 200-ге жуық адам жиналған. Олардың бірі арандатушыны тоқтатуға тырысқанымен, оны полиция ұстап әкетті», - делінген хабарламада.

Полиция бірнеше адамды ұстады, олардың арасында Момиканың өзі де полиция бөліміне жеткізілді.

«Біз мұны ерекше оқиға ретінде қарастырамыз, қазір болған оқиға туралы ешқандай ақпарат жариялай алмаймыз», - деді Швецияның оңтүстік аймағы полициясының өкілі Рикард Лундквист.