Қырғызстан президенті қазақ ақынына арғымақ сыйлады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті қазақ ақынына арғымақ сыйлады
Фото: Facebook/Дайырбек Орунбеков

Бұл туралы елдің Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем кубогының ашылу салтанатында Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан.

20 тамызда президенттің менеджері Каныбек Түмонбаев ақынға Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.