Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оңтүстіккореялық поп-топ құрамына қабылданған қазақ қызы келісімшартты бұзды

"Қазірдің өзінде маған көптеген ұсыныс келіп түсуде", - деді ол.

Оңтүстіккореялық поп-топ құрамына қабылданған қазақ қызы келісімшартты бұзды
фото: дереккөз

20 жастағы қазақстандық Айғаным Жалилова Оңтүстік Кореядағы Alpha Ray жаңа поп-тобына қабылдану үшін көп кезеңді кастингтен өткен-ді. Бірақ топтың тұсаукесерінен бір ай өткен соң, ол лейблмен келісімшартты бұзған, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбелік Айғаным Жалинова бірнеше тілде, соның ішінде кәріс тілінде еркін сөйлейді екен. Ол үнемі өзінің талантымен бүкіл әлемді жаулап алуды армандайды. Оңтүстік Кореяда болған 2,5 жыл ішінде ол жергілікті дәстүрлерді жақсы біліп, поп-топтың әншісі ретінде өзін сынап көруге бекінді. Қазақ қызы мыңдаған үміткер арасында кастингтен өтіп, жетістікке жетті. Бірақ поп-топқа қабылданғанына көп уақыт өтпей, келісімшартты бұзуға тура келді.

Айғанымның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға бірнеше себеп болған. Біріншіден, жаттығу кезінде бойжеткен аяғын қайырып алған, сондықтан оған жаттығу жасауға тыйым салынды.

"Өкінішке қарай, олар күткісі келмеді", - деді Айғаным.

Оның айтуынша, жұмыста ол өзіне қатысты  қызғаныш пен түсініспеушілікті байқаған.

"Екінші жағынан, мен тағылымдамадан өткен кезде көп нәрсені үйрендім. Мен бір нәрсені түсіндім. Өзіңнен және өз талантыңнан басқа ешкімге сене алмайсың", - деді әнші.

Айғаным тыңдармандарының қолдауымен жақын арада оларға жақсы жаңалықтар жеткізетініне уәде берді.

"Қазірдің өзінде маған көптеген ұсыныс келіп түсуде", - деді ол.