Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Анталияда 7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық қыздың денесі табылды (ВИДЕО)

Анасы 21 жастағы қызы үйден төлқұжатын да, ақшасын да алмай шыққанын хабарлаған.

Анталияда 7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық қыздың денесі табылды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық Түркияда өлі табылды. 21 жастағы Арайлым Орынбаева 2020 жылдың мамырында Анталияда жоғалып кеткен еді, деп хабарлады paryz.kz, Haberler.com сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, полиция қазақстандықтың ұялы телефонындағы сигнал арқылы соңғы рет қайда болғанын анықтаған. Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы Анлтыняк көшесіндегі орман аймағына алып келді. Іздеу барысында полиция Арайлым Орынбаеваның ағашқа ілініп тұрған денесін тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз өзін-өзі өлтірген, оның денесі Анталияның Сот медицинасы институтына жеткізілді. Басқа мәліметтер хабарланбады.

Еске сала кетсек, 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева 9 мамырда Анталияда жоғалып кеткен болатын. Оның 41 жастағы анасы Салтанат Орынбаеваның айтуынша, біраз уақыт бұрын ол қызымен және екі ұлымен Түркияға көшіп барған. Анасы 21 жастағы қызы үйден төлқұжатын да, ақшасын да алмай шыққанын хабарлаған.

СІМ баспасөз қызметінің өкілдері қазақстандықтың жоғалғаны туралы ақпаратты растады.