Жергілікті газеттің хабарлауынша, ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.
Video of civilians finding small parts from the Sriwijaya Air flight SJ182 that departed from Jakarta, Indonesia #sj182 #SriwijayaAir pic.twitter.com/sxt8o1xsW5
— HzKv (@HZLABZ) January 9, 2021
Индонезияда жоғалып кеткен Boeing 737-500 ұшағының сынықтары теңізден табылды, деп хабарлады paryz.kz, СИНЬХУА агенттігіне сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, Sriwijaya Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы суға құлап, оның сынықтары мен бөліктері табылған.
Еске сала кетсек, Джакартадан Понтианак бағытына қарай ұшқан Индонезия әуе компаниясы ұшағымен байланыс 9 қаңтарда UTC уақыты бойынша 7.40.27-де жоғалған. Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан астам биіктікті жоғалтқан. Бұл жағдай лайнер Джакартадан ұшқан соң 4 минуттан кейін болды.
Жергілікті газеттің хабарлауынша, ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.