WhatsApp пайдаланушыларына мәліметтерін Facebook-те бөлісу міндеттелді

Әзірлеушілер жинап жатқан мәліметке геолокация, әлеуметтік желідегі белсенділік және корпорация бағдарламаларын смарфоннан өшіріп тастау туралы ақпараттар кіреді.

WhatsApp пайдаланушыларына мәліметтерін Facebook-те бөлісу міндеттелді
фото: ашық дереккөз

WhatsApp әзірлеушілері мессенджерді пайлалану келісімін жаңартты. Енді оған жеке деректерді Facebook корпорациясына беруге келісу пункті қосылды, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Келісімде Facebook корпорациясының бөлігі ретінде WhatsApp-тың корпорациядағы басқа қосымшалармен пайдаланушының мәліметтерін бөлісетіні туралы жазылған. Бұл пайдаланушының әдеттері мен қалауын талдау туралы ақпарат үшін керек. 

WhatsApp мұны бұл мәліметтер пайдаланушылардың қалауын ескере отырып, жеке жарнама сервисін жақсарту үшін керек деп түсіндірді. Әзірлеушілер әлеуметтік желілердің өзара интеграциясы пайдаланушылардың мүмкіндігін арттырады деген сенімде.

Facebook корпорациясына Instagram желісі мен Facebook Messenger кіреді. Әзірлеушілер жинап жатқан мәліметке геолокация, әлеуметтік желідегі белсенділік және корпорация бағдарламаларын смарфоннан өшіріп тастау туралы ақпараттар кіреді.