Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Храпуновтар Швейцариядан саяси баспана алғандарын мәлімдеді

Лейла Храпунова да болжамды әрекеттерге кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал оның сіңлісінің күйеуі Айияр Ілиясов алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталды.

Храпуновтар Швейцариядан саяси баспана алғандарын мәлімдеді
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда алаяқтық үшін сотталған ерлі-зайыпты Виктор мен Лейла Храпуновтар Швейцарияда саяси баспана алды. Мұндай шешімді Швейцарияның Федералды әкімшілік соты қабылдаған көрінеді, деп хабарлады paryz.kz

"2020 жылы 29 желтоқсанда Швейцария Федералды Әкімшілік Соты 2019 жылы отставкаға кеткеніне қарамастан, Қазақстанның бұрынғы президентіне (Нұрсұлтан Назарбаев) қарсы олардың оппозициялық-саяси қызметін мойындап, Виктор мен Лейла Храпуновтарға Швейцариядан саяси баспана беру туралы соңғы шешім қабылдады", - деп жазды Лейла Хапунова facebook-тегі парақшасына.

Ол бұл Швейцарияның Федералды Әкімшілік сотының баспасөз қызметі баяндамасының қысқаша мазмұны екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қазан айында Алматыда экс-әкім Виктор Храпунов пен оның әйелі бойынша сырттай сот ісі өтті. Виктор Храпунов ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, алаяқтық, пара беру, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру немесе ысырап ету, сондай-ақ қызмет бабын асыра пайдалану әрекеттері үшін кінәлі деп танылды. Ол мүлкін тәркіленіп, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан және қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Лейла Храпунова да болжамды әрекеттерге кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал оның сіңлісінің күйеуі Айияр Ілиясов алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталды.

Храпуновтар қазіргі уақытта Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып жүр. Олар саяси себептермен қудаландық деп мәлімдеді.