Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Трамп 20 қаңтарда билікті Байденге тапсыратын болды

Еске салайық, Конгресстің Джозеф Байденді АҚШ президенті етіп бекіткені белгілі болды. 

Трамп 20 қаңтарда билікті Байденге тапсыратын болды
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп 20 қаңтарда билікті сайланған президент Джо Байденге тапсыруға уәде берді. Алайда ол өз үндеуінде сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтты, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Трамптың айтқан сөздерін оның көмекшісі Дэн Скавино өзінің Twitter желісіндегі парақшасына жариялады. 

"Сайлау нәтижесімен толық келіспеуіме қарамастан, 20 қаңтарда билікті тапсырамын", - деді Трамп.

Тағы оқи отырыңыз: Трамптың жақтастары Вашингтонда Сенат залын басып алды (ФОТО, ВИДЕО)

Еске салайық, Конгресстің Джозеф Байденді АҚШ президенті етіп бекіткені белгілі болды.