21.07.2023, 16:15

Қырғызстан қателік жасады – Ресей Сыртқы істер министрлігі

Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстанда күшіне енген мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қатысты пікір білдірді. 

Қырғызстан қателік жасады. Барлық мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді міндеттеуі – демократияға қайшы. Мемлекеттік қызметкерлер қатарына қарапайым дәрігерлер, мұғалімдер мен басқа да мамандық иелері кіреді. Қырғызстан Конституциясында орыс тілінің ресми статусы бар. Біз қырғыз әріптестерімізге бірнеше рет ескерту жасадық, – деді ол.

Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 шілдеде мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойған еді.