Онлайн-аукционда Орталық Азиядан шыққан бойжеткендердің лоты өте көп.
23 жастағы тәжік қызы First Night ("Алғашқы түн") халықаралық онлайн-аукцион арқылы пәктігін 10 мың долларға сататынын мәлімдеді. Бұл платформада әлемнің әр түкпірінен бойжеткендер "алғашқы түнін" дәулетті еркектерге сатады, деп хабарлады paryz.kz.
Душанбелік бойжеткен Озоди радиосының тілшісіне отбасындағы қаржылық қиындыққа байланысты пәктігін сатып, туғандарына көмектесуге бел буғанын айтады.
Онлайн-аукционда Орталық Азиядан шыққан бойжеткендердің лоты өте көп. Тәжікстан мен Түркіменстаннан әзірге біреуден. Мұсылман елдерінен көптеген Иран бойжеткені шетел азаматтарына тұрмысқа шыққысы келеді.