Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қытайда ірі компанияның экс-басшысы өлім жазасына кесілді

2018 жылдың күзінде Лай Сяоминь партиялық тәртіп пен заңнаманы бұзғаны үшін партиядан шығарылған. 

Қытайда ірі компанияның экс-басшысы өлім жазасына кесілді
фото: iz.ru

Қытай билігі партия комитетінің бұрынғы хатшысы, ҚХР-дағы ең ірі активтерді басқарушы компания China Huarong Asset Management Co., Ltd басқарма төрағасы Лай Сяоминянды өлім жазасына кесті, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Global Times газетінің мәліметінше, Тяньцзин қаласының соты компанияның экс-басшысын жемқорлық, пара және екі әйел алғаны үшін өлім жазасына кескен. 

2018 жылдың күзінде Лай Сяоминь партиялық тәртіп пен заңнаманы бұзғаны үшін партиядан шығарылған. 

Компанияның бұрынғы басшысы қымбат сыйлық, оның ішінде ақшалай да алған, қымбат мейрамхана мен клубтарда банкет ұйымдастырып, қызметтік жағдайын жеке мүддесіне пайдаланған. Сонымен қатар, Лай Сяоминь қоғамдық мүлікті иемденді деген күдікке ілінген.