Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Рейсті 18 сағат күткен ер адам ұшақтың жалғыз жолаушысы болды

Рейсті 18 сағат күткен ер адамның бір өзі үшін әуекомпания ұшақ бөлуге мәжбүр болды. Мұндай тәжірибені бастан өткерген жолаушы TikTok желісінде оқиғаның қалай болғанын баяндады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengritravel.kz басылымына сілтеме жасап.

Рейсті 18 сағат күткен ер адам ұшақтың жалғыз жолаушысы болды
phil.stringer

Интернет-портал мәліметінше, Солтүстік Каролина тұрғыны Фил Стрингер есімді азамат 25 маусымда Оклахома-Ситиден Шарлот қаласындағы үйіне қайтпақ болған. Алайда American Airlines әуекомпаниясының рейсі техникалық қызмет көрсету мәселелеріне байланысты бірнеше рет кешіктірілген. Туристің айтуынша, 18 сағат күтудің нәтижесінде ол ұшақ ұшып шыққанда борттағы жалғыз жолаушы болған.

"Отыру үшін кезекке тұрайын дегенімде онда ешкім болмады. Былай сұрадым: "Сіздер барлығын отырғызып қойдыңыздар ма?", стюардесса болса былай деп тіл қатты: "Жоқ, қымбаттым, сен жалғыз жолаушысың", - дейді Стрингер өз оқиғасын баяндап.

Ол бір адам үшін ұшу экипажы шақыртылғанына өкініш білдірген. "Мен шамамен 400 рет кешірім сұрадым", - дейді саяхатшы.

Оның айтуынша, ұшу сәтті болған. Бортсеріктер Стрингерге қалаған орнына отыруға, кез келген тағамға және сусынға тапсырыс беруге рұқсат берген.

Турист ерекше тәжірибесін видеоға түсіріп, TikTok желісінде жариялаған. Бір тәулікте оның видеосын 3 миллион адам қараған.