"Бұл – оның өзін мықтырақ сезінетін дивизион. Орта салмақта жоғалтатын ештеңе жоқ", - деді менеджер және жаттықтырушы Эдди Рейносо.
Мексикалық Сауль Альварес орта салмақтағы WBA (Super) чемпиондық белбеуінен бас тартты. Енді екінші орта салмаққа көбірек көңіл бөлуге ниетті., Себебі онда WBC және WBA (Super) титулдары бар, деп хабарлады paryz.kz.
"Бұл – оның өзін мықтырақ сезінетін дивизион. Орта салмақта жоғалтатын ештеңе жоқ. "Канеломен" жекпе-жекке шыққысы келетін кез келген адам мұны супер орташа салмақта жасауы тиіс", - деді менеджер және жаттықтырушы Эдди Рейносо.
Қазір орта салмақтағы WBA-дың жалғыз чемпионы – жапониялық Риота Мурата. Ол Regular қосымшасынан айырылып, енді бірлескен жекпе-жектер өткізе алады.
Ал қазақстандық Геннадий Головкин – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.