Ұзақ ескертуден кейін тәртіп сақшылары 2 ұйымдастырушыны қамауға алды. Тағы 5 адам тергеліп жатыр.
Карантин тәртібін бұзған ойын-сауық Испанияда Каталонияның Барселона провинциясындағы елді мекенде болған. Думанға 200-ге жуық адам жиналыпты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Полиция би кешін тоқтатуды талап еткенмен, бидің қызығына түскен жұрт тәртіпке бағынбаған. Ұзақ ескертуден кейін тәртіп сақшылары 2 ұйымдастырушыны қамауға алды. Тағы 5 адам тергеліп жатыр.
Полиция белсенділерге 3 мыңнан 600 мың еуроға дейін айыппұл салынады деп мәлімдеді.