Мадонна жансақтау бөлімінде жатыр

Мадонна күрделі бактериялық инфекция жұқтырып, бірнеше күннен бері Нью-Йорк ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мадонна жансақтау бөлімінде жатыр
фото:

Менеджері мәлім еткендей, әншінің жағдайы жақсарып келеді, дегенмен әлі де дәрігерлердің бақылауы қажет.

Сырқат салдарынан 64 жастағы поп-әнші музыкалық мансабының 40 жылдығына арналған The Celebration әлемдік турнесінің басталуын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Бірінші концерт 15 шілдеде Ванкуверде өтуі тиіс еді. «Грэмми» иесі жанкүйерлері таңдаған үздік хит әндерін орындауға уәде берді.