29.06.2023, 11:54

«Титан» сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылды

Фото: news.sky.com

"Титан" батискафы сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылды. Бұл туралы АҚШ жағалау күзеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengritravel-ге сілтеме жасап.

"АҚШ денсаулық сақтау мамандары оқиға орнында сынықтардың арасынан табылған адамның дене мүшелеріне ресми талдау жүргізеді", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 28 маусымда жарылған батискафтың сынықтары Канадаға зерттеу үшін жеткізілген еді.