Ол жарнамалық бейнероликтен де алынып тасталған. Оған қоса, әдетте күніне бірнеше твит жариялайтын Твиттер парақшасында соңғы апталарда белсенділік болмаған.
Соңғы кездері Бейжіңді жиі сынап жүрген қытайлық миллиардер Джек Ма жоғалып кетті, деп хабарлады qamshy.kz, Financial Times басылымына сілтеме жасап.
Бір кездері коммунистік режимнің сүйікті адамы болған миллиардер жоғалып кеткен соң, оның фотосуреті өзі ұйымдастырған реалити шоудағы әділқазылар алқасының веб-парақшасынан өшірілген және кейінірек ол жарнамалық бейнероликтен де алынып тасталған. Оған қоса, әдетте күніне бірнеше твит жариялайтын Джек Маның Твиттер парақшасында соңғы апталарда белсенділік болмаған.
Джек Маның жоғалуы оның қараша айында мемлекеттік реттеушілер мен банктерді сынағанымен байланыстырылады.
Маның сынынан кейін оның Ant Group компаниясының 37 миллиардтық акциясы тоқтатылған. Сондай-ақ, өткен айда Бейжің монополиялық тәжірибеге байланысты Джек Маның Alibaba компаниясын тексеруге алған болатын.