Орта салмақтан мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) кеткеннен кейін жапониялық боксшы WBA желісі бойынша жалғыз чемпион болып қалды...
160. WBA super? Let's do it @BobArum @trboxing. QAZAQ STYLE vs Murata
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) January 2, 2021
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке өзін ұсынды, деп хабарлады Vesti.kz.
Орта салмақтан мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) кеткеннен кейін жапониялық боксшы WBA желісі бойынша жалғыз чемпион болып қалды.
Ал Мурата орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) келесі қарсылас болуы мүмкін екені айтылған. Жәнібекте екінші дәрежелі WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар.
"160 фунт. WBA Super? Боб Арум мен Top Rank. Қане, осыны жасайық! "Қазақша стиль - Муратаға қарсы" деп жазыпты Әлімханұлы twitter-дегі парақшасына.