Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркіменстан билігі банкоматтарды шетінен құртып жатыр

Гызыларват қаласында кезектегі ашулы тұрғындар оларды бақылап тұрған полиция қызметкерін сабап тастаған.

Түркіменстан билігі банкоматтарды шетінен құртып жатыр
фото: azathabar.com

Түркіменстанның бірқатар аудан орталықтарында банкоматтардың жартысынан көбі алынды, демонтаж жалғасып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бұл арада елде қолма-қол ақшаға тапшылық, банкоматтарда ақша алу үшін кезекте тұру жалғасып жатыр.

Фарап ауданында 19 банкомат болса, олардың алтауы ғана істейді. Дарганата аймағында 27 банкоматтың 8-і ғана қалған.

Банкоматтардың қысқаруы кезекті көбейтіп, тіптен сол үшін жанжалдасатын жағдайларды да жиілеткен. 28 желтоқсанда Гызыларват қаласында кезектегі ашулы тұрғындар оларды бақылап тұрған полиция қызметкерін сабап тастаған.

Өлкеде пластик карталардан ақша шығарып алуға шектеу енгізілген.