Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды

Үндістанда ерлі-зайыпты үйлену тойынан кейін жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатында болған, - деп хабарлайды India today

Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды
Фото: ru.pinterest.com

Басылым мәліметінше, жастар үйлену тойын шаттың солтүстігінде жасаған. Үйлену тойынан кейін 22 жастағы жігіт пен 20 жастағы қалыңдық бөлмесіне кеткен, ал келесі күні олар өлі табылған. 

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ерлі-зайыпты жүрек ұстамасынан қайтыс болғаны анықталған. Ақпаратты жергілікті полиция өкілдері растаған. Жүрек ұстамасы нақты неден болғаны белгісіз. 

Ерлі-зайыптының мәйіті күйеужігіттің ауылында өртелген.