Ердоған тағы да президент болып сайланды

Түркия президентін сайлаудың екінші кезеңінде іс басындағы президент Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Бұл туралы Анадолы агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ердоған тағы да президент болып сайланды
фото: qov.tr

«99 пайыздан астам дауыстарды санау қорытындысы бойынша президент сайлауының екінші кезеңінде іс басындағы мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті», - делінген Түркия Жоғары сайлау кеңесінің ақпаратында.

Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенердің мәліметінше, 99,43 пайз бюллетеньдерді санау қорытындысымен Режеп Тайип Ердоған – 52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады.