Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ойыннан от шығады: Шахизада өзінен 18 жас кіші сүйіктісіне қатысты бар шындықты айтты

Танымал әнші Шахизада Байпатшанова өзінен 18 жас кіші сүйіктісі Ерболат Ержанбаевқа қатысты бар шындықты айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ойыннан от шығады: Шахизада өзінен 18 жас кіші сүйіктісіне қатысты бар шындықты айтты
Фото: Instagram/shahizada.art

Бұл туралы өнер иесі "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты. 

Бұдан бірнеше ай бұрын Шахизада өзінен 18 жас кіші "сүйіктісі" Ерболат Ержанбаевпен сурет жариялап, ел назарын өзіне қаратқан еді. Бұған дейін өнер иесі 3 рет тұрмыста болған еді. Ал Ерболат Ержанбаевтың Мереке Слямбек есімді әйелі бары белгілі болды. 

Шахизада бұған дейін "Қыздар-ай" бағдарламасында Ерболатпен арада махаббат барын айтқан еді. Кейін эстрада жұлдызы бұның бәрі шоу болғанын айтып, халықтан кешірім сұрады. 

"Бұл - шоу, алдын ала келісіп алдық. Кейін халыққа "сіз алдандыңыз" дедім. Халық мені кешірді", - дейді әнші.

Сондай-ақ, ол бұл хайп қалай басталғанын, кімнің идеясы болғанын айтты.  

"Көбі бізді Пугачева мен Галкин деп жатыр ғой. Мен күлдім. Балаларың, немерлерің деп жатыр ғой. Менің жеке өмірімде ешкімнің шаруасы болмасын. Менің балаларым қалжыңдап хайп жасайық дейді. Концертте отырдық. Кейін Жеңіс Ысқақова хайп жасап жібермейсіңдер ме, мына балаға көмек керек еді деп әзілдеді. Құшақтасып отырғанда бірден күйеуім болғаны ма? Қанша өнер адамы хайп жасағанымызды қолдады", - дейді Шахизада.